Шымкенттік полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті
Тәртіп сақшылары өздерінің үлкен жұмыс жүктемесіне қарамастан, уақыт тауып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуді назардан тыс қалдырмаған. Полиция қызметкерлері қашанда көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік апарып немесе қаржылай қолдау көрсетіп жатады.
Осындай кезекті қайырымдылық шарасын Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорымен бірге жасады.
Полиция қызметкерлері көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға барып, жағдайларын сұрап, тәртіп сақшылары атынан күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктерді үлестіріп берді.
«Қайырымдылық – адам жанының нұры, мейірімділік – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Біреуге жақсылық жасау мақсатында ұйымдастырылған кез келген шараның маңызы зор. Әсіресе қамқорлыққа зәру балалар үшін жасалған әрбір істе береке бар», — дейді тәртіп сақшылары.
Көмек алған отбасылар полицейлерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтты.