Айбын 2021 – Шымкенттің жастары онлайн жарысқа қатысуда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай және «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кезекті «Айбын 2021» VII Республикалық әскери — патриоттық жастар жиынының онлайн форматта салтанатты ашылу рәсімі Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көрме орталығында» өтті.

 

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің қорғаныс істері жөніндегі көмекшісі Тимур Бидайбеков, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева, «Жас сарбаз» РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағасы Е.Сабит және №52 мектеп-лицейінің «Барыс» ӘПК, №68 жалпы орта мектебінің «Сұңқар» ӘПК, № 99 мектеп-гимназиясының «Арыстан» ӘПК «Жас сарбаз» әскери — патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Аталмыш жиынның мақсаты «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеудің қалыптасқан жүйесін жетілдіруге бағытталған, осы бағыттағы проблемалардың кең спектрін шешуде мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлескен қызметін кеңейтуді болжайды және осы процеске одан әрі серпін беруді көздейді.

Жиынға барлық өңірлерден жалпы 74 әскери — патриоттық командалар ағымдағы жылдың 6 қазаны мен 30 қараша аралығында сайысқа түседі.Шымқаладан қатысатын командаларға сайыста сәттілік тілейміз!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.