Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
251 0
-
«Nur Otan» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін, мемлекеттілік іргесінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстарды және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.
Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:
«Проза» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.
«Поэзия» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.
«Драматургия» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.
«Көркем фильм мен телесериал сценарийі» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.
«Балаларға арналған шығарма» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге.Байқауға 18-ден 40 жасқа дейінгі ақындар, жазушылар, драматургтер мен сценаристер қатысуға құқылы.
Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
Байқауға авторлардың бұрын жарияланған шығармалары қатыстырылмайды.
Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін
«Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
Автор/авторлар байқауға қатысу үшін жұмысты жібере отырып:
— осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
— ұйымдастырушының байқау шығармаларын (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
— ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады.
Байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25 беттен аспайтын,
«Поэзия» номинациясына мәтін көлемі 5 беттен аспайтын, «Драматургия» номинациясына 15 беттен аспайтын, «Көркем фильм мен телесериал сценарийі» номинациясына 30 беттен аспайтын, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 10 беттен аспайтын шығармалар жіберіледі.
Байқауға жіберілетін шығармаларға қойылатын техникалық талаптар:
1) Байқау жұмыстары MS Word форматында, Times New Rоman қарпімен, қарпі 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
2) Шығармаларды 2021 жылдың 1 қазан күні сағат 9.00-ден 2021 жылдың 30 қараша күні сағат 18.00-ге дейін мына электронды мекен-жайға жіберу қажет: ulydala@nurotan.kz.
3) Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі. Оның бірінші бетінің оң жағына автордың лақап аты ғана жазылады. Файлдың атында автордың лақап аты және шығарма ұсынылып отырған номинацияның аты көрсетілуі тиіс. Мысалы: altynsaqa_proza;
4) Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекен- жайы, телефон нөмірі, электронды поштасы, мекен-жайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файлдың атында автордың лақап аты және аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: аltynsaqa_Азамат Азаматов деп сақтауы тиіс;
5) Ұйымдастыру комитеті байқауға көрсетілген талаптарға сай жолданған шығармаларды бүркеншік атпен аikyn.kz сайтында «Ұлы дала» байқауы айдарында жариялауды ұйымдастырады;
6) Ұйымдастыру комиссиясы аikyn.kz сайтында жарияланған байқау шығармаларының арасынан бес номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.