Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған азаматшаны құрықтады
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматшаның қылмысын әшкереледі.
2021 жылдың 13-қазанында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, жоғарғы оқу орнының студенті, сеніміне кіріп, емтиханнан өткізіп беремін деп алаяқтық жолмен 64 мың теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.
Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде аса сақ болуды сұрайды.
Егер де, Сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз.