Қалалық пробация қызметінде қарқынды жұмыс жүргізілуде
Қазіргі уақытта сотталғандардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаж. Пробация қызметі бөлімінде психолог алдын ала диагностикалау жұмыстарын сотталғанмен алғаш кездескен сәттен бастайды, процесс барысында басым проблемаларды және маңызды жеке тұлғалық келбеттерді анықтайды. Зерттеу үрдісінде басым орын алатын тест түріндегі және жобалық әдістердің әралуандылығы, дара әдіс ретінде психологиялық әңгімелесуге жатады, оның көмегімен адамның өміріндегі психологиялық көріністер туралы деректерді алуға болады. Пробация қызметінде бақылауында тұрған кейбір сотталғандар алғаш диагностикалық зерттеу үрдістеріне теріс пиғылмен қарайды, кейбір кездерде өздеріне қауіп төндіреді деген оймен, тестілеуге қатысудан бас тартып жатады. Сондықтан, сотталғандардың психологтармен кездескен кездегі алғашқы әсері, оларды тексеруге және алдағы уақытта байланыс орнатуға айтарлықтай әсер етеді. Әңгімелесу барысында бөгде адамдардың қатысуы алаңдатушылық, қорқыныш және сенімсіздік жағдайларын тудыруы мүмкін. Алғашқы психологиялық әңгімелесу аралас сұхбат нысанында жүргізіледі, себебі мұндай сұхбат адам туралы жалпы мағлұматтар алуға кеңінен мүмкіндік туғызады. Психологиялық әңгімелесу барысында сотталғанның жеке ісіндегі материалдарды зерделеу, әңгімелесу жоспарын құру, сұрақтарды тиянақты ойластырып алу секілді алдын ала дайындалу жұмыстары артықшылық етпейді. Сотталғанның жеке тұлғасын зерделеу – құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алуға, бақылауда тұрған сотталғандардың жеке тұлғасының оң жолды таңдауына табысты психологиялық және педагогикалық ықпал етудің, міндетті шарты болып табылады. Өз кезегінде психологтар фактілерді айқындаумен ғана шектелмейді, олар сотталғандардың жаңа жағдайға ойдағыдай бейімделуіне көмек көрсету мақсатында ықпал ету шараларын өңдеу болып табылады.
Абдығани Назерке Жанғалиқызы,
Шымкент қалалық Қаратау аудандық Пробация қызметі бөлімінің
инспектор-психологы әділет лейтенанты.