Пробация ұғымы, мақсаты және міндеттері
- Пробация-санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
- Пробация мақсаты:
1) күндіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
- Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;
3) бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.
С.Мейрашов,
Шымкент қалалық №3 пробация қызметі бөлім инспекторы әділет аға лейтенанты.