Шымкенттік полицейлер ұрлық жасаған азматшаны құрықтады
2021 жылдың 16-қазанында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, аудан аумағында орналасқан сауда орталығындағы дүнгіршектердің бірінде 1 200 000 теңгеге жуық ақшасы бар әмиянын белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тез арада ізін суытпай қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала тұрғындарына қоғамдық орындарда өз мүліктеріне сақ болуын ескертеді.
Егер де, Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз.