Шымкенттік полицейлер бір тәулікте ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 7 құқықбұзушыны анықтады
Шымкент қаласында ағымдағы жылы қазан айының 25 күні Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 7 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бап. (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Осы орайда, Шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.