КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін жетілдіру бойынша білім беру саласы жетекшілерімен кездесу өтті.
Аталған шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, жоғары және орта арнаулы оқу орындары басшылары, ғылыми және профессорлық қоғамдастық пен БАҚ өкілдері, жалпы 100-ден астам адам қатысты.
Жиын барысында квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құрудың тиімділігі мен оларды дамыту жолдары талқыланды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша институционалдық база заңнамалық түрде құрылғанын, оны дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін атап өтті.
Сонымен қатар, ЖОО мен колледждерде комплаенс-қызметтері құрылғанын ескере отырып, оларды білікті кадрлармен күшейтуге шақырды.
Спикердің айтуынша, комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады. Яғни, ең маңызды басымдық – алдын алу.
Кездесу барысында басшыларды сөзбен емес, іс жүзінде ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қажеттігі айтылды.
Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер ететінін атап өтті.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында квазимемлекеттік сектордың 184 ұйымында комплаенс қызметі енгізілді.
Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.