ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Агенттіктің бастамасымен қолға алынған «Парасат жолы» жобасы аясында Түркістан қалалық түркітілдес елдер кітапханасында қаламгерлер мен ардагерлер және зиялы қауым өкілдері мен жалынды жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
«Парасат жолы» — адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Кемел келешегімізге кедергі келтіретін кеселден, сыбайлас жемқорлықтан батыл арылу үшін күш-жігерімізді біріктірейік. Барлық бағыттағы жұмыстарымызды жаңартып, парасат идеологиясы мұраттарына, ата-бабалар аманаттарына адал болайық. Бұл мақсатта Сіздермен, зиялы қауым өкілдерімен және жігерлі жастармен бірлесіп жұмыс жасауға әрқашан оң ықылас танытамыз,- деп атап өтті кітапхана меңгерушісі М.Құрышбаева.
Ақын, жазушы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Мухаббат Аматаева адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын адал қоғамды тәрбиелеу мақсатында құрылған орталықтың жұмысына тілектестік білдіріп, пайым мен парасат алаңына айналатынына сенім білдірді.
Игі шара аясында бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, адалдық құндылығымен ағзалас болудың маңыздылығы сөз болды.
Өнегелі ойлар қозғалған кездесу соңы тәрбиелік мәні мол термелер мен әуезді әндерге және ғибратты әңгімелерге жалғасты.