Шымкент: лас көліктің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды
Ағымдағы жылдың 2-қарашасында Патрульдік полиция полкінің қызметкерімен қалада “Камаз” маркалы автокөлігі лас екендігі анықталып, тоқтатылды. Жүргізушіге бұл жағдай заңсыз екендігін түсіндірді.
Нәтижесінде, жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті жолаушылар! Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерте отырып, тазалықты сақтауды сұранады.