Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған кезекті азаматты ұстады
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі.
2021 жылдың 1-қарашасында Әл-Фараби АПБ-на қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 155 мың теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.
Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.
Егер де, Сіз алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз.