Шымкенттің Бас полицейі қала қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камераларының маңыздылығын атап өтті
2021 жылдың 4-қазанында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-мәслихатын өткізді. Брифингте қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларының маңыздылығы турасында толығырақ айтты.
— Шымкент қаласында 2021 жылдың 10 айында 271 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан 48 адам қаза тауып, 248 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Жол-көлік оқиғалардың басты себебі, жүргізушілер автокөліктерінің жылдамдығын шамадан тыс асырудан орын алған. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментімен автокөлік жолдарына сараптама жүргізіліп, 100 көше қиылысына және 200 көше желілеріне жол қозғалысында Әкімшілік құқықбұзушылық анықтайтын 2240 бейнежазба камераларын орнатуға, Шымкент қаласы әкімдігіне мекенжай бағдарламасы ұсынылды, — деп атап өтті Ералы Мұсаәліұлы.
Бас полицейдің айтуынша, қылмыс ашуда бұл камералардың үлесі мол. Тұрғындар тарапынан да бейнеқондырғыға деген сұраныс күн санап артып келеді. Себебі, бейнежазба камералары қала ішінде аталған жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізеді.
Айта өтетін ақпарат, бұл құралдар жол ережесін бұзған автокөліктерді және өзге құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін құрылғы болып табылады. Полиция қызметкерлерінің зерделуімен жол бойында орналасқан 77 бала-бақша және 152 мектеп алдына 40 км/сағ жылдамдықпен жүру жол белгілері және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы бейнебақылау жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын 41 тар, апатты-қауіпті аймақтар анықталды. Осыған байланысты, халықтың сұранысымен бейнежазба камераларының ішінен жоғарыда аталған орындарға 40 км/сағат жылдамдықпен жүру жол белгілері орнатылып отыр. Ал қалған жолдарда Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, 60 км/сағат жылдамдықпен жүру рұқсат етілген. Төтенше жағдайларға ұшырататын, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соқтыратын және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын жол ережелерін бұзу жайттарын болдырмау мақсатында, Шымкент қаласының көшелерінде бейне жазба камералары орналасқан.
Басқосу барысында, журналистер қауымы аталған ауқымды тақырыпқа қатысты сұрақтарын департамент бастығына жолдап, тиісінше мардымды жауаптар алды.
Өз кезегінде БАҚ өкілдері бұл игі бастаманы қолдап, ұсыныс-тілектерін жеткізді.