СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамаментінде болып, ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиында Заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер мен жаңашылдықтар баяндалып, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды.

«Халықаралық озық тәжірибелерді және қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірлерін, азаматтардың ұсыныстарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындыларын ескере отырып, алдағы 5 жылға арналған Тұжырымдаманың жобасы әзірленді. Стратегиялық құжатта мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің бағдарлары ұсынылған», — деп атап өтті Нұрдәулет Ілиясұлы.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау шаралары қабылданатындығын хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күрес шараларына жылдан-жылға басымдық берілетіндігін жеткізді.

Шара соңында жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, назарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негізделген бейнеролик ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.