Шымкентте ауыр жүк көлігін лас күйде басқарған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Камаз» маркалы жүк көлігін тоқтатады. Яғни жүк көлігі Өтегенов көшесінің бойында көше мен қоршаған ортаны ластап, айналаның бәрін шаң-топырақ қылып, абаттандыру қағидасын бұзғаны анықталды.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерте отырып, тазалықты сақтауды сұранады.