Шымкенттік тұрғынға құқықбұзғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды
Қала аумағындағы Ынтымақ шағынауданында «Lada» маркалы автокөлік жүргізушісі жол жүру ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ал атвокөлік айыптұрағына орналастырылды.
Жалпы тәртіп сақшылары мұндай құқық бұзушылық жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда. Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері жүргізушілер және жол қозғалысына қатысушыларына ескертеді: осы тәрізді олқылықтарға жол бермеңіздер. Одан бөлек, жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.