Шымкентте бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 67 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір тәулікте, яғни ағымдағы жылдың 8-қазанында жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 67 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.
Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады.
Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береді.