Шымкентте бір тәулікте абаттандыру ережесін бұзған 37 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Еңбекші АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 11 — қарашасында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 37 — азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.