Шымкенттік полицейлер жол тазалау ұйымдарының қысқы кезеңге дайындығын тексерді
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техниклық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші ауданының әкімшілік аумақтарына қарасты автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігін, 2021-2022 жылдың қыс мезгілінде қардан тазалайтын арнайы мамандандырылған техникаларға текеру жүргізді. Олар арнайы техниканың болуына, оның жұмысқа жарамдылығына, мұздан тазартатын және жанар-жағармайдың қорларына баса назар аударды.
Осы ретте қысқы маусымда қаланың орталық көшелері мен шалғай орналасқан тұрғын алаптар және шағын аудандардың орталық көшелері мен аяқжолдарын қардан тазалау және инерттік материалдар себу жұмыстарын арнайы мамандандырылған 5 мекеме («ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Жасыл -Жер» ШФ ЖШС, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Байтерек ЛБ» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «НұрТау Сервис» ЖШС) жұмылдырылған.
Сондай-ақ, қысқы мерзімде көше-жол тораптарын қардан тазалау жұмыстарына барлығы 158 арнайы мамандандырылған техникалық құралдар, 22190,91 куб құм, 3780 тонна тұз дайындалған.
Өз кезегінде қызмет көрсететін аумақтағы жол және климаттық жағдайлар туралы өзара хабарлау кестесі түзіліп, күрделі ауа-райы жағдайларының салдарын ескерту жөніндегі іс-шаралар әзірленген және бұқаралық ақпараттарға хабарлау қамтамасыз ету ұйымдастырылған.