Шымкент: Полицейлер сауда орталығынан ноутбук ұрлаған азаматты анықтады
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, өзінің танысы «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан сауда орталығынан құны 150.000 тенге тұратын «Lenovо» маркалы ноутбугін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының №15279 бейнекамерасының көмегімен ұрлық жасаған азаматты анықтап, Қаратау АПБ-ның жергілікті полиция қызметі №58 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.