Шымкенттік полицейлер «Грей» есімді қызметтік иттің көмегімен ұрлық жайтын ашты

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінің ашық тұрған есігі арқылы кіріп, құны 450.000 теңге тұратын екі дана алтын сақинасын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент ҚПД Кинология қызмет орталығының  «Грей» есімді қызметтік итінің көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.