ҚЫЗМЕТШІГЕ ІСКЕРЛІКПЕН БІРГЕ АДАЛДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ БОЛУЫ МАҢЫЗДЫ
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, ардагер мемлекеттік қызметші Б. Маханов қатысты.
Кездесуде жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.
Ардагер мемлекеттік қызметші жастарға бағыт-бағдар беріп, жол көрсетіп, мемлекеттік қызметшінің бойында іскерлікпен бірге адал қасиеттерінің болу маңыздылығына тоқталды.
Шара соңында спикерлер әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбір қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.