Еңбекші ауданында қару сақтау ережесін бұзған азамат жауапкершілікке тартылды
Шымкент қаласы аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұдайы түрде профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шара барысында Еңбекші АПБ ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторларымен Еңбекші ауданының тұрғынына қаруға берілген рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткендігі анықтлып. Аталған азаматқа қатысты қару сақтау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта өтетін ақпарат, мұндай профилактикалық маңызы бар іс-шаралар алдағы уақыттада өткізілетін болады.