Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында «Заң және жасөспірім» тақырыбында сабақ өткізді
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры Марат Тоғаев № 112 жалпы орта мектебінің оқушыларына жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында сабақ өткізді.
Іс-шара барысында «Заң және жасөспірім » тақырыбы бойынша баяндама жасалды.
«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қылмыстың алдын -алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру» -деді Марат Тоғаев.