Шымкенттік полицейлер алаяқтық қылмысын ашты
Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша мемлкеттік бағдарлама бойынша берілетін қаражатты түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 120 000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.