ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ІІІ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Түркістанда үкімет басшыларының қатысуымен «Трансшекаралық ынтымақтастық жаңа өсу нүктелері ретінде» атты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың ІІІ форумы басталды.
Ертең екі елдің премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Бүгін Форумның бірінші күні аясында екі елдің іскер топ өкілдерінің кездесулері өтті. Қазірдің өзінде 40-тан астам B2B кездесулері өтті.
Келіссөздер нәтижесінде жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 200 миллион доллардан асты.
ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 886,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес деңгейінен 28,5%-ға жоғары. Оның ішінде 2 098,2 млн. АҚШ доллары – Қазақстаннан тауар экспорты (өсім 30,1%).
Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі өнімдері: легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, автомобильдер, мыс концентраттары, ауыл шаруашылығы өнімдері (бидай, ұн, соя майы және т.б.).
Өзбекстаннан келетін негізгі импорт – жеміс-жидектер, кірпіш пен құрылыс материалдары, керамика, этилен полимерлер.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.