Шымкенттік полицейлер түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген 12 жас өспірімді анықтады
Ағымдағы жылдың 30-қарашасында Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары аудан аумағында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.Нәтижесінде түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 12 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.