Шымкенттік полицейлер несиеге тауар рәсімдеп, қаржысын алып беремін деген азаматшаны анықталды
2021 жылдың 27—қарашасында Еңбекші АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматшатауарлық несиені ақшаға айырбастап беремін деп сеніміне кіріп, 400 000 (төртжүз мың) теңге несие рәсімдеп алу арқылы тиістіқаражатты заңсыз иемденіп алғандығын көрсетті.
Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде,Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 199-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тәркеліп, тергелуде. Ұсталған азаматшаның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға сеніп, сондай-ақ жеке басына қатысты құжаттарды бермеуге шақырады.