ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ АРҚЫЛЫ 1 ЖЫЛДА 270 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНҒАН
Түркістан Халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні іске қосылып, алғашқы әуе рейсін қабылдаған болатын. Бүгінде әуежайда жалпы 16 бағытта ұшақтар қатынайды. Оның 3-і халықаралық, 13-і республикаішілік рейстер. Жаңа әуежай арқылы 1 жыл ішінде 267 187 жолаушы ұшақпен қатынаған. Айта кетерлігі, әуежайдың іске қосылғанына 1 жыл толуына орай, арнайы мерекелік іс-шара болып өтті.
Әуежай арқылы мына бағыттарда ұшуға болады:
1) «Түркістан – Ыстамбұл» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2) «Түркістан – Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;
5) «Түркістан – Алматы» – аптасына 7 рет (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
6) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
7) «Түркістан – Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
8 ) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (бейсенбі, сенбі, жексенбі);
9) «Түркістан – Көкшетау» — аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
10) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
11) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);
12) «Түркістан – Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);
13) «Түркістан – Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
14) «Түркістан – Талдықорған» — аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі);
15) «Түркістан-Петропавл» — аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
16) «Түркістан-Өскемен» — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).