ТҮРКІСТАН: «PFIZER» ВАКЦИНАСЫН 29 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістанда оқушыларға, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасы салынып жатыр. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Қазіргі уақытта облыс бойынша «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны – 28716. Оның ішінде 23408-і жасөспірімдер болса, 3143 жүкті және лактация кезіндегі 2165 әйел «Pfizer» екпесін алды.
Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.
«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.
Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының жалпы саны 46800 дана мөлшеріндегі партиясы жеткізілген.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.