Шымкенттік полицейлер интернет желісінің кабелін ұрлап кеткен азаматты анықтады
2021 жылдың 2—желтоқсанында Еңбекші АПБ-на «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда белгісіз тұлға ұзындығы 600 метр интернет желісінің кабелін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда кабель ұрлаған азаматтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін заттарыңызға мұқият болып, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.