Шымкент: Полицейлер цистерна ұрлаған азаматты 2 тәулікте ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, өзінің қоймасында тұрған жанармай сақтайтын цистернасын белгісіз біреулердің қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 000 теңгені құраған. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жедел жетіп, жанармай цистернасын ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, көрген білгендерден жауап алды, қойма мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын жіті тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұрлық жасаған азаматты 2 тәулік ішінде ұстап, басқармаға жеткізді. Тергеу барысында белгілі болғанындай ұсталған азамат сол қойманың жұмысшысы болып шықты. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер де, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.