Шымкентте Ресейден автокөлік әкеліп беремін деп, тұрғынның 2.000.000 теңгесін иемденіп кеткен азамат анықталды

Еңбекші АПБ-на  жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға Ресей Федерациясынан автокөлік әкеліп беремін деп, 2.000.000 теңгесін қолма-қол иемденіп кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексерілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.