Шымкентте АӘК құжаттарын рәсімдеп беремін деп 35 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша анықталды
Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша атаулы әлеуметтік көмекті алып беремін 35 000 теңгесін иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Түркістан облысының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға өздерінің жеке басына қатысты мәліметтерді бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.