АДАЛ ҰРПАҚ — МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Түркістан облысы Қоғамдық Даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшы орынбасары Нұрдаулет Саметпен «Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» атты TEDX форматында семинар-тренинг өтті.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті психологі, Облыстық Жастар ресурстық орталығы мамандарына арнайы психологиялық тренинг өткізді.
📌Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өскелең ұрпақты кеңінен тарту, жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларын тыңдау, өзін-өзі жетілдіру арқылы еңбек етуге деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарды еңбекке баулу болып табылады.
Еркін форматта өткен шарада жастар орталығы мамандары қоғамда парасаттық құндылықтарын насихаттау бойынша ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарына жауаптар алып, спикерлерге құнды ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.