Түркиядағы алапат зілзала болды (фото, видео)
Түркия мен Грекияның курортты қаласының маңында қуаттылығы 6,7 магнитудаға дейін жеткен жер сілкінісі болды.
Курортта демалған туристер зілзала салдарына қираған ғимараттардың суретін жариялады. Демалушылар ғимаратқа кіруге қорқып далада түнеген.
Зілзала ошағы Түркияның Мугла провинциясындағы Бодрум курортты-қаласынан – 10, Кос аралынан 16 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сағат 2:23-те 4,7 магнитудалы афтершок тіркелген. Ал екінші рет қайталанған зілзаланың эпицентрі Кос аралынан 9 шақырымда болған.
Алдын ала ақпарат бойынша Грекияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.