ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «PFIZER» ВАКЦИНАСЫН ЕГУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА 2-ОРЫНДА
Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер санымен республика бойынша 2-орында тұр. Облыста «Pfizer» вакцинасын жалпы саны 40220 адам салдырды. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс бойынша 12 жастан 18 жасқа дейінгі 38500 жасөспірім, 4 004 жүкті әйел және 2 989 емізулі ана «Pfizer» екпесін алды.
Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.
«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау – ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.