АГРОӨНЕРКӘСІПТІК САЛАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясында жиын өтті.
Іс-шараға Инспекция басшысы Ә.Мақұлбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, ардагер мемлекеттік қызметші С.Атыхаев, кәсіпкерлер мен мекеме ұжымы қатысты.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылу барысы, жемқорлықпен күрестегі әрбір азаматтың рөлі мен пара алушымен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар Инспекция ұжымына жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салу туралы заңнама нормалары бойынша кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың ашықтығы жайында айтылып, ондағы азаматтық қоғамның басты рөлі, азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты аталды.
Жиын қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.