Шымкенттік полицейлер «Есірткінің қаупі» тақырыбында мектеп оқушыларына дәріс өткізді

Әл-Фараби АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Рахымжан Ырысбеков Шымкент қаласы наркологиялық диспансер мамандарымен бірлесіп, № 15 жалпы орта мектебінің оқушыларына «Есірткінің қаупі» тақырыбында кездесу өткізді.
Жиын барысында есірткіге қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жайында сөз қозғалды. Тәртіп сақшылары жас буынды әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, теріс әрекеттерге бармауға шақырды. Әрбір құқық бұзушылықты жасаған жан жазасыз қалмайтындығы, сондықтан заңға сай талаптарға бағынып, жарқын өмір сүру керектігі ұғындырылды. Жалпы іс-шара барысында «ғасыр дерті» саналған есірткіден аулақ жүру ескертіліп, түрлі өмірлік өнеге болатын ақыл-кеңестер айтылды. Оған қоса, оқушылардың арасында болашақта полицей болуды армандайтындарын айтып бөліскен жасөспірімдер де болды.
Өз кезегінде нарколог дәрігерлер есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдерге есірткі, психотроптық заттар, синтетикалық есірткілер және никотинді сағыздардың адам өмірі мен денсаулығына зияны туралы толығырақ түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары есірткі заттарының адам өміріне кері әсерін, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатыны ескертілді. Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың өзекті сауалдарына жауаптар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.