Шымкент: Полицейлер «оқу орнының грантын әперемін» деп, тұрғынды алдап соққан құрылысшыны ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, бейтаныс азаматшаның сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп, алаяқтық жолмен 400 000 теңгесін иемденгенін жазып көрсеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Әл-Фараби АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде, тұрғынды алдап соққан азаматша ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол қаладағы құрылыс компанияларының бірінде жұмыс жасайтын 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін сақтық шараларын қатаң ұстануды сұрайды.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.