Шымкентте көліктің қозғалтқышын ұрлаған азамат оқиға орнында ұсталды

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, белгісіз тұлға түнгі сағат 22:35 шамасында үйінің ауласына заңсыз кіріп, құны 150 000 теңгені құрайтын көліктің қозғалтқышын қоларбаға салып жатқанын байқаған. Ұрлықтың үстінен түскен тұрғын бірден ұрлық жасаған азаматқа ұмтылып, оны ұстап полицияның «102» арнасына жүгінген.
Хабарды алған Қаратау АПБ-ның қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарды жеке заттарына аса сақ болуға шақырады.
Егер Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.