Сапалы жолдар – табысты дамудың негізі

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі. Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болуына байланысты соңғы жылдары шаһардағы жол инфрақұрылымын дамытуға айрықша назар аударылып отыр.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында жолдарының сапасын жақсарту, үлкен жолайырықтар және көпірлер салу, қоғамдық көлік саласында автобустарды толығымен жаңартып, электронды билет жүйесін енгізу сынды міндеттер қойылған.
Жалпы сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасындағы Жолдар мен көлік инфрақұрылымы саласында атқарылған жұмыстар және осы саладағы күрделі мәселелерді талқылау мақсатында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен кездесіп, жылдық есебін тыңдадым.
Жол картасы аясында ағымдағы жылға 14 іс-шара жоспарланып, нәтижелі іске асырылуда. Бүгінгі таңда қалада 1 үлкен жолайырықтың және 4 көпірдің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 250 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықталған. Қоғамдық көлік саласында 590 жаңа автобус алынып бағыттарға қойылды. 100% қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілді. «Shymkent-bike» (Шымкент байк) жүйесі іске қосылды.
Ағымдағы жылға жоспарланған 49,8 км жолдар күрделі жөндеуден өтуде. 151 көшенің орташа жөндеу жұмыстарының 125 (жалпы шақырымы 183,4) біткен.
Жол құрылысында ең басты мәселе сапа екені белгілі. Бүгінде қалада жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар фракция бақылауында.

Шымкент қалалық мәслихаттағы
«Nur Otan» партиясы фракциясы жетекшісі
Бекайдар Тулегенов

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.