Шымкентте құны 100 000 теңге тұратын электрқозғалтқышын ұрлаған азамат анықталды

2021 жылдың 27-желтоқсанында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда 16 шағынауданында орналасқан гаражынан белгісіз тұлға электрқозғалтқышын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматақа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін жеке мүліктеріңізге мұқият болуға, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.