ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ІШКІ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ ОРНАТЫЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 122-ші индикаторының орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы мен Данабек Исабек Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ішкі бейнебақылау камераларының орнатылуына мониторинг жасап, көшпелі іс-шарада болды.
Сонымен қатар, халық қалаулылары мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдармен жабдықталуымен де танысты. Мектеп директоры А.С.Аманкулова орнатылған жабдықтардың (турникеттер, бейнебақылау жүйесі, дабыл сигнализациясы) жұмысымен таныстырды.