ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Сарығаш ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу бойынша берген тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі М.Отаршиевтің тапсырмасымен аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Амирханов жергілікті ірі сауда орындарындағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді. Кәсіпкерлерге мемлекет басшысының азық-түлік бағасының негізсіз өсуінің алдын-алу тапсырмалары түсіндірілді. Аудан көлемінде сұйытылған мұнай газының бүгінгі таңда саудалану бағасы қадағаланып, жанар-жағармай бекеттері қызметкерлерімен кездесу өтті. Мониторинг жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей ауданда азық-түлік бағасы тұрақты, ал сұйытылған газ 60-65 теңгеден саудалануда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.