МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЫН САҒАТТА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ БОЛДЫ
…Түнгі сағат 11-лерде Президент елде қалыптасқан жағдайды халыққа баяндап, Үндеу арнайтыны белгілі болды. Жұмысқа 10 минутта шұғыл жеттім. Шынын айту керек, Мемлекет басшысы сол жерде компьютерде мәтін теріп отырған хатшысына сөйлейтін сөзін ауызша айтып тұрды. Баспасөз қызметі камераларды қойып, дыбысын реттеп, жылдам ұйымдастырып, Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесін таспаға түсірдік.
Президенттің халыққа арнаған сөзін бірден республикалық телеарналарға жолдадық.
Сол бірінші Үндеуінде Мемлекет басшысы: «Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды!», – деп, нақты шегелеп айтты.