ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Шымкентте төтенше жағдай кезінде қала тазалығын сақтау және қоқыстан тазарту жұмыстары бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде онындалуда. Қаладағы тазалық мекемелері жұмыстарын кестеге сай атқаруда.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелердің тазалығын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы қамтамасыз етуде. Бүгінде көшелерді сыпыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына 235 жұмысшы және 72 арнайы техника  жұмылдырылған.

Ал ішкі орамдық көшелер мен көпқабатты үй аулаларының тазалығын «Айдынбек» және «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-ы атқаруда. Санитарлық тазалық жұмыстары 140 қызметкер мен 9 арнайы техника көмегімен жүргізілуде.

Жалпы аудан аумағы бойынша тазалық жұмыстары кестеге сай тұрақты жағдайда атқарылып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.