Қазақстандықтар педофилді ұрған полицейді босатуды талап етіп флешмоб ұйымдастырды

Әлеуметтік желіде Сәтбаевтағы педофилді ұрған полицейдің ісіне қатысты дау басылар емес. Күдіктіге тергеу кезінде қол көтерген сержантты көптеген еріктілер қолдап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ сілтеме жасап qazaqjoly.kz 

Әлеуметтік желіде  Алматы, Астана, Қарағанды тұрғындарының «#СержантПрав!» деген жазбамен түрлі суреттерді және видеоларды жариялап, флешмоб ұйымдастыруда.Тіпті олар педофилді ұрған сержантты қамаудан босатып, оны өзінің  қызметіне қайта тағайындауын талап етіп жатыр.

Ал сараптама қорытындысы бүлдіршіннің зорланғанын растады.

«Бес жасар қызды аямай зорлап тастап, оны тергеу кезінде қаймықпай айтып отырған педофилді ұрып жіберу — бұл дені дұрыс адамның  реакциясы дейді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласында бес жастағы қыз бала 23 шілде күні жоғалып кеткен еді. Тәртіп сақшылары жоғалған баланы сол күні 50 жастағы педофилдің үйінен тапқан болатын. Артынша күдікті жауап алу кезінде, балақайды үйіне алдап апарып, зорлағанын мойындады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.