ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады. Қабылдауға жазылған 11 азамат инфрақұрылым тарту, баспана алу, жол салу, қоғамдық көлік жүргiзу мен аялдама орнату, көшелерді жарықтандыру және жер телiмiн заңдастыру сынды мәселелердi көтердi.
Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жауапты тұлғаларға (басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне) өз құзыреттері шегiнде айтылған жайттарды шешуге қатысты бiрқатар тапсырмалар берді.
Қабылдауда баспана сұраған азаматтарға кезекке тұру қажеттiлiгi айтылып, жер телiмдерiн заңдастыру бойынша мәселелердiң заңды тұрғыдан шешілуіне байланысты нақтылы бағыт-бағдар берiлді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі