Шымкенттік полицейлер қала тұрғынын Латвияға жұмысқа жіберемін деп алдап, ақшасын иемденген азаматшаны ұстады

Ағымдағы жылдың 7-ақпанында Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, танысы өткен жылдың жазында 3 ай көлемінде Латвия мемлекетіне жұмысқа жіберемін деп әбден сеніміне кіргенін көрсеткен. Сондай-ақ, шетелге шығуға арналған құжаттарды әзірлеу мақсатында 460 000 теңгесін алдын ала иемденіп алғанын айтқан. Алайда, күні бүгінге дейін әлгі азаматша не уәде етілген жұмысты, не ақшасын қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.
Абай АПБ-ның тәжірбиелі полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды алдап, ақшасын иемденіп кеткен азаматшаны қолға түсіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер азаматшаның тұрғылықты мекен-жайын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 45 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматша арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде.
Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.